Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Келес ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Салық төлеушілермен жұмыс» бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, салық ісі); жаратылыстану ғылымдары (Информатика), құқық (Құқықтану, халықаралық құқық), техникалық ғылымдар және технологиялар (Автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу).  

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің  бас маманы: Өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар  және  ұйымдармен өзара іс-қимылын жүзеге асыруға;. Жұмысты жетілдіру жөнінде  ұсыныстар дайындауға; Қолданыстағы салық заңдылығын жетілдіруде ұсыныстар енгізуге; Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтары бар. ҚР ҚМ 27.04.2015 жылғы №284 және ҚР ҚМ 04.06.2015 жылғы №348 ҚР ҚМ МКК төрағасының 09.06.2016 жылғы №326 бұйрықтарымен бекітілген  мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметер стандартымен тәртібтері орындалуын қадағалауға. Осы Ереженің 4-тармағына сәйкес  кіріс құжаттарды қабылдау және өңдеу журналын жүргізу. Салық төлеушіде қалатын кіріс құжаттың екінші данасына құжатты қабылдаған күнін, ақпараттық жүйемен берілген кіріс нөмерін, өзінің аты жөнін және қолын көрсету. Кіріс құжаттарын қабылдау және өңдеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 423 бұйрығымен бекітілген «БСАЖ», «СЕӨС», «Акциз» ақпараттық жүйелеріне ақпартты енгізу және өңдеу жұмыстары регламентпен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асыру. «Заңды тұлға» Мемлекеттік деректер қорынан түскен хабарлауды өңдеуді жүзеге асыру. Заңды тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалдары (өкілдіктері) қызметін тоқтатқан кезде салық берешегінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар)екендігі туралы мәліметтерді беру немесе бас тартуды жөнелту. Визуалдық бақылау нәтижесімен заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілерін анықтау. Салық есептері бет есепке түспеген жағдайда есеп бөліміне берілетін салық есептеулері тізбесін дайындау, ұсыну. Әрекетсіз салық төлеушілерді анықтау, ҚР сайтына орналастыру. Тиісті бөлімнен келген қызметтік хаттарға сәйкес салық төлеушілердің салық салу объектілерін тіркеу. Әділет органынан келген сұраныстарды  мерзімінде өңдеу, шығыс құжаттарды мерзімінде беру. Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар туралы мәлімет алуға берілген өтініштер бойынша шығыс құжаттарының мерзімінде басып шығарылуын қадағалау. Салық төлеушілердің тіркеу мәліметтеріне өтініштері  және өкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес өзгерістер енгізу. Арнаулы салық режимдері бірыңғай жер салығы мен ауыл  шаруашылығы өнімдерін өңдейтін және қайта өңдейтін заңды тұлғалардан арнайы салық режиміндегі салық төлеушілердің бет есептеріне, тіркеу деректеріне түгендеу жүргізу, бақылау жасау, түзету енгізу. Бөлімге жүктелген  төмендегі салықтардың дұрыс, толық                          есептелінуіне және өз мерзімінде бюджет есебіне төленуін, жоспардың   орындалуын қамтамасыз етеді қоршаған ортаға эмиссия үшін  төленетін төлемақы  КБК (105316), бойынша түсім болжамының орындалуын қамтамасыз етуге. Күнделікті өңдеуден өткізілген салық төлеушілердің іс-құжаттары    мен өтініштерін  және салық есептері нысандарын салық төлеушілердің іс-қағаздарында сақталуы үшін мұражай қызметкеріне 15 күн сайын өткізу тізбесін қоса өткізу. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің сапалы мерзімінде  орындалуын қамтамасыз ету. Орталықтандырылған бақылау тапсырмаларын мерзімінде орындау және  бекітілген есептерді сапалы және уақтылы тапсыру.  Қосымша салық көздерін анықтау сол бағытта жұмыстар жүргізу.  Салық Заңына түсіндіру жұмыстарын жүргізу.  Салық және еңбек тәртібін қатаң сақтау. Жинақтаушы зейнетақы қоры төлемеген салық төлеушілермен жұмыс жүргізіу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2021 – 26.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.04.2021

Сұхбаттасу орны

Келес ауданы, Абай ауылы, Ә. Жылқышиев көшесі №13А

Анықтама алу үшін байланыс

8(72532) 3-16-36