ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы басшысының орынбасары (уақытша 31.08.2023 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысына жалпы басшылық ету және қызметін үйлестіру; Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету; тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен (ИМ-40) орналастыру кезінде Құжаттамалық кедендік бақылауды жүзеге асыруды және келесі бағыттар бойынша шығаруды Басқарманың жұмысын үйлестіру және бақылау:

мәлімделген тауарлардың кедендік құнын айқындау;

кедендік баждар мен салықтар бойынша жеңілдіктер мен босатуларды қолдану;

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес Тауарларды сыныптау;

кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін ұлғайту мақсатында кедендік әкімшілендіру деңгейін жақсарту жөнінде ұсынымдар дайындау;

Өз құзыреті шегінде Комитеттің мүдделерін халықаралық, мемлекеттік, ведомствоаралық құрылымдарда және өзге де ұйымдарда білдіру;

Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының тауарлардың кедендік құнын айқындау, кедендік баждар мен салықтар бойынша жеңілдіктер мен босатуларды қолдану, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау қағидаларын сақтау бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету;

тәуекел бейіндерін әзірлеуге қатысу.

Басқармаға келіп түсетін құжаттарды уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету; басқарма қызметкерлерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына, еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.02.2021 – 17.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

010000 Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даң. 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)709935