ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының бас сарапшысы (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Кәсіптік оқыту
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Салық, кеден, бюджеттік, банктік заңнамаларды, мемлекеттік қызметерді көрсету саласындағы заңнамаларды, ведомстволық нұсқаулықтарының әзірлеуіне қатысу; қызмет көрсету Орталықтарының  және кедендік рәсімдеу Орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды бойынша ұсыныстарды енгізу; мемлекеттік кірістер органдарының көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ұсыныстарды шығару; мемлекеттік кірістер органдардымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және уақтылы жұмыс көрсетуін бақылау; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерісін оңтайландыру бойынша жұмыстарды жүргізу; жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу, салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру, мониторинг бойынша есептілікті және Кеден одағы шеңберінде табыс ететін есептілікті қоспағанда, СЕН-ді қабылдау, өңдеу бойынша, салық есептілігін кері қайтаруға (ұзарту, қайта бастау) табыс етуді бақылау; СЕН және оларды жасау ережелері туралы бұйрықты бекіту және тіркеу бойынша жұмысты үйлестіру, есептелген салық сомасын және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және МКК-нің ақпараттық жүйесінде көрсету үшін, салық қызметі органдарымен салық есептілігін қабылдау жүйесінен хабарламаның толық жіберілуін және өңдеуі бойынша жұмысты үйлестіру; дербес шоттарды, есеп нысандар мен есептілікті жүргізу сұрақтары бойынша, есепке алу нысандары, есептілікті және дербес шоттарды жүргізу мәселері бойынша әдіснаманы әзірлеу; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша аумақтық салық органдары мен салық төлеушілермен жұмыс жасау; Комитеттің басқа басқармаларымен және ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асыру ұйымдастыру; басқарманың қызметінен туындайтын ҚР ҚМ, Комитеттің басшыларының тапсырмаларына сәйкес жүктелген басқа да міндеттерді орындауды қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.02.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.02.2021 – 17.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

010000 Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даң. 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)709935