ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Жалпыға бірдей декларациялау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Электронды сауданы әкімшілендіру тәртібі бөлігінде Қазақстан Республикасы салық заңнамасының нормаларын жетілдіру бойынша түсіндірме мен ұсыныстар енгізу; құзіреттілігі бойынша салық есептілігінің нысандарын әзірлеу. Салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстарға қатысу; Басқарманың мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыруға қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде салық төлеушілердің жүгінулерін қарау; салықтық құқық бұзушылықтарды анықтау және талдау пәні бойынша жеке тұлғалардың қатысты материалдар мен мәліметтерді зерделеу; талдамалық жұмыстардың нәтижелері бойынша салықтық құқық бұзушылықтарды жетілдіруге мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыныстар енгізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 010000 Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даң. 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен (ZOOM бағдарламасы)
-
8(7172)709935