Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салықтық бақылау және өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы, (С-R-5 санаты)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Түркістан облысы
84415 - 114854
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім, мамандығы: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика), Жаратылыстану ғылымдар (информатика), Техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе Құқық (құқықтану).
Функционалды міндеттер
Өз жұмысын жоспарлап, жұмыс уақытын тиімді пайдалану. Функционалдық міндеттердің аясында нұсқаулар, ережелерге сүйене отырып әдістемелік материалдар әзірлеу. Орталықтандырылған тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, cалық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу, салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау, камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.02.2021
- Түркістан облысы,Сарыағаш қаласы, Исмайлов көшесі №44
-
8(72537) 2-32-75, факс 8(72537) 2-27-61