Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің әлеуметтік демалысы мерзіміне 01.11.2022ж.дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқығы бар), ЖСӘБ 13-9 (1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Жанама салығын төлеушілерге камералдық бақылау жүргізу; қосымша резерв бойынша жұмыс жүргізу; салықтық қарым- қатынастан  туындайтын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істердің бірінші, екінші сот инстанциясына қатысу; жаңа және қолданыстағы бағдарламалармен жұмыс істеуді қамтамасыз ету; белгіленген есептілігінің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру;  заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын  жүзеге асыру; Бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсініктіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.01.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.02.2021 – 03.02.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.02.2021

Сұхбаттасу орны

индекс 070018, Өскемен қаласы, Н.Назарбав даңғылы 86 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8(7232) 75-18-12, 70-24-31