Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтоғай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық бақылау және өндеу бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Павлодар облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі қаржы саласында (қаржы жұмысы бойынша экономист), есеп және аудит (бухгалтер, экономист-бухгалтер), экономика (экономист).
Функционалды міндеттер
Жеке кәсіпкерлерді, шаруашылық (фермерлік) қожалықтарды тіркеулік есепке қою және есептен шығару, АЖ ОБДШ есебі бойынша жұмыстар жүргізу, салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу және жабу, жеке тұлғалардың салық салуые есептеу, салықтарды төлеу туралы өтінішті есепке алу және қайтаруды жүргізуге қабылдау және өңдеу, дербес шоттарды табыстау, өсімпұлды қайта есептеу, бюджеттік түсімдер жиынтық жоспарын күн сайын құрастыру, төлеушілердің дербес шоттарының көшірмесін беру, «Қазынашылық клиент» АЖ жұмыс жасау. ҚР ӘҚБтК 804 бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасау; Берілген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындауды қамтамасыз ету; жер салығын және жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу. 328.00 формасы және 320.00 декларация формасы бойынша қабылдау және растау; бақылау касса машиналарын фискалдық жадымен тіркеу және шығару; Салықтық есептеулерді камералдық бақылау 910.00 ф., 911,ф. 200.00ф, 220.00 ф. Жеке тұлға-бейрезидентерді тіркеу және салықтөлеуші ретінде бейрезидентке тіркеу туралы куәлік беру; болжамдық көрсеткіштерді жасау үшін деректер ұсыну; автоматтандырылмаған камералдық бақылау салықтық есептеулер 910.00 ф., 911.00ф., 200.00ф., 230.00ф., 220.00 формаларына хабарлама қалыптастыру; Мемлекеттік кірістер Департаменті және басқа мемлекеттік және өкілдік органдарға мәлімет ұсыну; Тематикалық және хронометраждық тексерулерге қатысу; Бекітілген стандарттарға сәйкес салықтөлеушілердің ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытын және сапасын сақтау; Азаматтардың жүгінуі бойынша мәліметті заңнамада бекітілген мерзімде ұсыну. Бюджетке қосымша түсімдер түсуін қарастыру бойынша іс-шаралар жүргізу. Салықтық есептулердің уақытылы түсуіне бақылау жасау, салықтық міндетемелерді уақытылы және Салықтық Кодекстің 3 бөлігінде қарастырылған арнаулы салық режимдерін қолданатын жағдайларда және жалпы бекітілген тәртіп бойынша салық төлеушілерге хабарлама ұсыну. Жергілікті салықтар бойынша күн сайын жеке тұлғаларды қабылдау жұмысын жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.11.2020
- с.Актогай ул. Абая, 118
-
8 (71841) 21-4-72, 21-1-40