ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Бизнес процестерін автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Физика
  • Информатика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Статистика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бизнес процестерін автоматтандыру мәселелер бойынша басшылық тапсырмаларының сапалы орындалуын ұйымдастыру; тәуекелдерді басқару жүйесін және камералдық бақылау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру; ведомствалық нұсқаулықтарды әзірлеу; Басқарманың құзыретіне енетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу және әр түрлі деректерді талдау, мәліметтерді талдаудың бірнеше түрін орындау, соның ішінде мәліметтерді зияткерлік талдау, сараптамалық ақпараттарды жинау және өңдеу, Комитеттің сараптамалық жүйелері мен қосымшаларының функционалдық талаптарын жүзеге асыру және жасау, Департаменттің сараптамалық жұмысына data mining, text mining элементтерін енгізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.10.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.10.2020 – 06.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ. Жеңіс даң. 11, техникалық жазба құралдарын қолдануымен (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)709935