Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Семей қаласы бойынша Мемлкеттік кірістер басқармасы Кеден одағы шеңберінде экспорттық-импорттықәкімшілендіру бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты, КШӘБ-11-04, (негізгі қызметкердің әлеуметтік демалыс мерзіміне 19.02.2021 жылға дейін) (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке камералдық бақылауды жүргізу; тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растау, не растаудан дәлелді бас тарту; кеден одағында тауарлардың экспорты кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қабылдау және растау; ЕАЭО муше мемлекеттерден алынған тауарлардың қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт, алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі, қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібіне камералдық бақылау жасау; Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік Сауда Ұйымына мүше болып енуіне сәйкес салық төлеушілер ЕАЭО басқа муше мемлекеттердің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкеткен кезде электронды шот-фактураларды бекіту, кедендік жүк тасымалдау декларацияларын тексеру; экспорттық бақылау басқармасынан келіп түскен ақпаратпен жұмыс жасау; камералдық бақылау жүйесі арқылы хабарламалар мен ескертулер қалыптастыру; кәсіпкерлік кодекстің және де басқа да заңнамалық актілердің талаптарын сақтай отыра, салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қатысты жоспардан тыс бірлескен тексерулер жүргізу; жекелеген мәселелер бойынша уәкілетті органдармен озара іс қимыл жүргізу; салық міндеттері бойынша заңды және жеке тұлғалардың түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру; белгіленген есептілігінің, жоғары органдарының, Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсініктіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.10.2020
- индекс 071400 ШҚО Семей қаласы, Абай алаңы 3-үй
-
8(7222)56-83-73, 56-83-73