1. ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МКД "Астана -кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекеті басшысының орынбасары, С-О-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-4 (Кеден бекеті басшысының орынбасары)

Орташа лауазымдық айлықақы

145823 - 196437

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Кеден бекеті қызметін үйлестіру және жұмыста басшылық жасау; қызметкерлердің шетелдік тауарларды еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінде орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жүргізу жұмысын ұйымдастыру; тауарларды ресімдеп шығару барысында СЭҚ қатысушылармен кедендік заңнамаларды бұзуды айқындау, болдырмау мақсатында кедендік операцияларды жүргізу; ТБЖ пайдалана отырып кедендік бақылау түрлерін жүргізу (қосымша құжаттарды талап ету, тексеріп қарау, фото-бейне түсірілімдер және т.б.); нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзылуын болдырмау мақсатында алдын-алу жұмыстарын жүргізу. КОСЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныптамасы дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру; тауардың шығарылған елін анықтау; электр тасымалдау желілері бойынша құбыр жол көлігімен жеткізілетін тауарларға кедендік бақылау жасау бойынша шекаралас аймақтармен өзара қарым-қатынас жасау; номативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; кеден ісі саласында ақпараттық-анықтамалық жұмыстар өткізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.09.2020 – 14.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

г.Нур-Султан, пр.Республики,52, каб.315

Анықтама алу үшін байланыс

77-31-04