ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы, «А» функционалдық блогы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау тапсырмаларын, Департамент басшылығының тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындауды, есептер мен ақпараттарды дайындауды қамтамасыз етеді. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының, сондайақ салық және кеден заңнамасының нормаларына сәйкес басқа мемлекеттік органдар мен аумақтық департаменттердің (басқармалардың) сұраулары бойынша мәліметтер мен ақпараттарды дайындайды және ұсынады. Оңалту рәсімдері, азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық мәселелері бойынша кредиторлардың, салық төлеушілердің, азаматтардың хаттарын, өтініштері мен шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына, сондай- ақ салық және кеден заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы, сондай-ақ азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнаманы қолдану тәжірибесіне қатысты мәселелер бойынша сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Басқарманың құзыреті шегінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды сұратады. Оңалту рәсімінің, банкроттық рәсімінің, сондай-ақ азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады (кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлық берешекті енгізудің заңдылығы; банкроттық рәсімін негізсіз созу фактілері; лауазымды тұлғаларды субсидиарлық жауапкершілікке тарту мәселелері; «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 7-бабына сәйкес шаралар қабылдау; қасақана банкроттық белгілерін анықтау). Оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау барысы жөніндегі ақпаратын, банкроттықты басқарушының және қаржы басқарушысының банкроттық рәсімін жүргізу барысы туралы ақпараттарын қарайды. Кредиторлар жиналысы ұсынған оңалтуды басқарушыларды, банкроттықты басқарушыларды немесе қаржы басқарушыларын тағайындайды. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда әкімшінің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен дау айтады. Уақытша басқарушының мүлікті сату жоспарын келісуін және борышкердің мүлкін электрондық аукцион арқылы сату тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. Өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен пікірлер береді. Әкімшілердің оңалту рәсімін, банкроттық рәсімін жүргізуге қойылатын заңнама талаптарын, сондай-ақ азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңнаманы сақтауын тексерулер жүргізу арқылы бақылайды. Өз құзыреті шегінде салықтық тексерулерге қатысады. Қасақана банкроттық белгілерін және әкімшілердің қызметін анықтау мақсатында камералдық бақылауды жүзеге асырады. Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық рәсімдері бойынша «Qoldau.kz» цифрлық платформасындағы мәліметтерге талдау жүргізеді. Департаменттің жоғары тұрған лауазымды тұлғалары жүктеген өзге де міндеттерді өз өкілеттіктері шегінде орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.07.2026 – 03.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

08.07.2026

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Тұран даңғылы 49

Анықтама алу үшін байланыс

(7172) 77-31-04