Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы индекс Р-1, C-R-1
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Алматы облысы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметін жалпы басқару және ұйымдастыру, мемлекеттік билік органдарында және өзге де ұйымдарда мемлекеттік кірістер басқармасын ұсыну, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, салықтық емес түсімдердің түсуін көздейтін салық заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру, ҚР фискалдық саясатын қалыптастыру және осы саясатты іске асыру бойынша басқарманың жұмысын ұйымдастыру. Ұжымда жұмыс істей білу, бірыңғай корпоративтік рухты құру қабілеті, коммуникабельділік, орындаушылық, жеделділік және талапшылдық. Қарамағындағы бөлімдер жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету. ҚР-сы фискалдық саясатын қалыптастыру және осы саясатты іске асыру жөніндегі басқарманың жұмысына қатысу. ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), еңбек заңдылықтарын, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заңының сақталуын қадағалау. Мемлекеттік қызмет қөрсету сапасын көтеру; Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ КХД Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне есептіліктің уақтылы тапсырылуын бақылау. Функционалдық блогы-А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматинская область, г. Қонаев, улица Индустриальная 9/4.
-
8-72772-5-01-31