Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Солтүстік Қазақстан облысы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Кіріс көздерінің түсімдерін талдайды. Мемлекеттік бюджеттің бюджеттік сыныптама кодтарының сапалы орындалуын бақылайды. Бюджеттің кіріс көздері разрезінде болжамды түсімдерді есептейді. Әр ай сайын бюджет деңгейлері бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған болжамдық жоспарларды әзірлейді, өзгерістерге сәйкес түзетулер енгізеді. Уәкілетті органдарға жоспарланған түсімдердің ағымдағы түзетуі және аудандық (қалалық) бюджеттің жылдық болжамын нақтылау бойынша ұсыныстар дайындайды. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептеулердің толық және дұрыс көрсетілуін күнделікті талдайды. Лицензиялық шоттарда көрсетілген есептеулер мен түсімдердің дұрыстығын бақылайды, анықталмаған төлемдерді тиісті бюджеттік сыныптама кодтарына бөледі. Қате төленген салықтар мен міндетті төлемдердің себептері бойынша хаттамалар жасайды. Салық төлеушінің өтініші және қате төлем себептері бойынша хаттамалар негізінде артық (қате) төленген салықтар мен төлемдер бойынша қайтару және өтеу жұмыстарын жүргізеді. Бір БСК мен ЖСН шегінде жеке шоттарды біріктіреді. Салық төлеушінің орналасқан жері өзгергенде немесе қайта ұйымдастырылғанда жеке шоттарды есепке алу және беру жұмыстарын жүргізеді.Бөлім құзыретіне жататын өтініштер бойынша жауаптар дайындайды, құжат айналымының дұрыс және жедел жүргізілуін қамтамасыз етеді. АЖ СӘАҚ және АЖ «Астана-1» жүйелеріне уәкілетті органдардың деректері негізінде есептеулерді енгізеді. ЖК қызметін тоқтатқанда, жеке тұлға қайтыс болғанда, заңды тұлға таратылғанда және басқа да жағдайларда жеке шоттарды жабады. А блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.bogonalimova@kgd.gov.kz
- 29.06.2026
- Петропавл қаласы, К. Сүтішев көшесі, 56
-
8(7152) 39-71-91