ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша МКД, Атырау қаласы бойынша МКБ-ның Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманына, 1-бірлік, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 20.05.2028 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Блок (А) Келісім  шеңберінде  импортқа, экспортқа  салынатын  қосылған құн салығын  әкімшілендіру мәселелері бойынша салық төлеушілерге кеңес  беру; импортқа  салынатын  қосылған  құн  салығының толық түсуіне бақылау   жасауды   жүзеге  асыру, бөлім  құзіретіне  жататын  мәселелер бойынша басқарманың басқа құрылымдық   бөлімшелерінің сұрау салуларына ақпараттар беру, жанама салықтарды әкімшілендіру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жанама салықтарды әкімшілендіру бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу. Келісілген жоспар бойынша рейдтік және құқық қорғау мекемелерімен бірігіп рейдтік тексеру жүргізу; көтерме және бөлшек түріндегі жанар-жағармай сататын, ойын бизнесінің субъектілерін тексеру, өз мерзімінде есептемелермен декларацияларға камералдық тексеру жүргізу, .Бюджетке қосылған құн салығын төлеу жөнінде салық төлеушілердің міндеттерін бақылау, салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарламаны табыс ету, нөлдік ставка бойынша түскен өтініш бойынша тақырыптық тексеру жүргізу, соның нәтижесімен тиісті ҚҚС сомасына өкім дайындау, басқа салық органдарынан ҚҚС сомасын растау үшін жіберілген сұраныстарды уақытылы орындау, ҚҚС сомасының асып кетуіне талдау жүргізу, аймақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларына ҚҚС сомасын растау үшін сұраныстарды жіберу. Басқа аймақтық Мемлекеттік кірістер органынан кешенді, тақырыптық салықтық тексерулер кезінде жабдықтаушылар және сатып алушылар бойынша өз-ара айырысуын растау үшін келген сұраныстарды орындау кезінде қарсы салықтық тексерулерді уақытында және сапалы жүргізілуін қадағалау,  БЖК АҚ арқылы ҚҚС бойынша автоматты түрде қалыптастырылатын, соның ішінде бірыңғай жиынтық қоймасы ақпараттық жүйесі арқылы (әрі қарай – БЖК АҚ) 01.01.2022 ж. - 16.08.2023 жыл аралығында қалыптастырылған 7, 9, О, Q, V, P ұшырылымдары бойынша хабарлама / хабардамаларға өңдеу жұмыстарын және ҚР Салық кодексіне сәйкес тиісті шара жүргізуін, әкімшілік шара қолдануын және де хабарламаларды  пысықтау жұмыстарын жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.06.2026 – 29.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

01.07.2026

Сұхбаттасу орны

Атырау қаласы, Абай 10А/1

Анықтама алу үшін байланыс

309099