Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Құрық» кеден бекетінің басшысы, С-О-3 санаты, 1 бірлік
Маңғыстау облысы бойынша МКД
Маңғыстау облысы
450000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Кеден бекетінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Кеден бекеті қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен іскерлік сапасын ескере отырып, олардың функционалдық міндеттерін кеден бекеті қызметінің бағыттары бойынша бөледі; Кеден бекетінің лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындау кезінде заңдылықты сақтауына қадағалауды жүргізеді; Кеден бекеті жұмысының тоқсан сайынғы, жылдық жоспарларын қарайды және келісім береді; Өз өкілеттілігінің шегінде СЭҚ қатысушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға кеден ісі саласындағы сұрақтар бойынша кеңес береді; Кеден бекетінде қызметкерлермен өз функционалдық міндеттерін орындау барысында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша қадағалауды жүзеге асырады; Кеден бекетінің қызметтік жұмысының қорытындысы бойынша баяндамасының, ай сайынғы есеп беру құжаттарының және аналитикалық анықтамаларының дайындалуына бақылау жүргізеді; Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының бұйрықтарының, нұсқауларының және өкімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органың алдындағы міндеттерді орындау үшін кеден бекетінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа бағытталған жұмыстарды болдырмауға қатысты тәрбие жұмыстарын жүргізеді; Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысында күші бар заңдарды басшылыққа алуға, сондай-ақ еңбек және атқарушылық тәртіптерін, мемлекеттік және қызметтік құпияларды сақтауға міндетті..
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, № 35 әкімшілік ғимарат,
-
8(7292)30-13-10/1184/