Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс – Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, санаты C-O-2 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі; 

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департаменттің жетекшілік ететін бөлімшелері бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау; кеден және салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу. Салық және кеден заңнамасының және өзге де құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және салықтық емес төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелуін, ұсталуын, аударылуын, әлеуметтік аударулардың есептелуін және төленуін бақылауды жүзеге асыру, салық органында салықтық есепте тұрған салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды және белгіленген тәртіпте салық төлеушілердің мониторингін жүзеге асыру, конкурстық өндіріс, оңалту, сырттай байқау рәсімдерін жүргізу, жалған және алдын ала ойластырылған банкроттық белгілерін анықтау жөнінде жұмысты қамтамасыз ету, Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесстерін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру; құрылып жатқан ақпараттық жүйелердің Департаменттің міндеттері мен мақсаттарына, сондай-ақ оларға бизнес-процестерді автоматтандыру жөнінде қойылатын техникалық талаптарға сәйкестілігін талдау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, салықтық және жоспардан тыс тексерулерді бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен салықтар мен бюджетке төленетін мәндетті төлемдердің және өзге де ақшаның артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) қамтамасыз ету; салық міндеттемелердің пайда болуына, орындалуы мен тоқтауына байланысты мәселелер жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; этил спирті мен алкоголь, темекі өнімінің өндірісі, айналымын, мұнай өнімдері мен биоотынның жеке түрлерінің айналымын мемлекеттік реттеу; оңалту мен бакроттық саласында мемлекеттік реттеу және бақылау (банкттер, сақтандыру ұймдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқа) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар. Тауарлардың кедендік құнын және шығарылған елін айқындаудың дұрыстығына бақылау жүргізу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік әкімшілендіруді, кедендік бақылауды жүзеге асыру; лицензиялау және жеке кедендік режимдер мен тарифтік емес реттеу шаралары шеңберінде қызметтерді ұсыну саласындағы талаптарды сақтау; Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік режимдерді пайдалану, алдын ала операциялардың бақылау, радиациялық бақылау; құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың жазбаша тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке іс жүргізу әрекеттерін жүргізуде оларға көмек көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.06.2026 – 11.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қ. Жеңіс даңғылы 11, Әңгімелелесу техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)

Анықтама алу үшін байланыс

87751882441