ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімнің бас маманы
Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Алматы қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қаржы
Функционалды міндеттер
ҚР ҚМ МКК, Алматы қаласы бойынша МКД мен құқық қорғау органдарының және басшылықтың тапсырмалары мен нұсқауларын уақытылы және сапалы бекітілген мерімінде орындайды, бөлімнің жоспарын жасауға қатысады және оның орындалуын жүзеге асырады, салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға қатысады, бекітілген салықтар мен алымдар бойынша болжам көрсеткіштерінің орындалуына талдау мен бақылау жасайды, қолданыстағы заңға сәйкес салықтық зерттеулер жүргізеді, ҚР БСАЖ бағдарламасына уақытылы және сапалы түрде қажетті мәліметтерді енгізеді, Қойылған хабарламалар тіркелімі / Бірыңғай деректер қоймасы (РВУ / ЕХД) камералдық бақылау тіркелімі (РКК), ҚР БСАЖ бағдарламалары негізінде автоматтандырылған камералды бақылау нәтижесі бойынша рәсімделген хабарламалармен сапалы жұмыстар жүргізеді, заңға сәйкес уақытында хабарламаларды орындамаған салық төлеушілерге қатысты шаралар қолданады, камералды бақылау нәтижелері бойынша сапалы және уақытылы шешім рәсімдейді, камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды уақытылы жасайды, жібереді және олардың орындалуын қадағалайды, салықтардың бекітілген түрлері бойынша заңды тұлғаларды әкімшілендіруді жүзеге асырады, бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша камералды бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтарды анықтайды, ҚР Салық Кодексінің 59 бабына сәйкес қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларға қатысты камералдық бақылау жүргізеді, халықаралық салық салу және жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуға сәйкес тұлғаларға салықтық әкімшілендіруді жүргізеді, салық төлеушілер арасында бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы ақпараттық және жаппай түсіндіру жұмыстарын семинар-отырыстарды ұйымдастырады, салық заңнамасын түсіндіру жұмыстары бойынша жүргізілетін семинарларға салық төлеушілерді шақырады, сонымен қатар басқа да семинарларға және техникалық оқытуларға қатысады, салықтөлеушілерден келіп түскен өтініштерді, сұрауларды, хаттарды уақытылы қарастыруды жүзеге асырады және салық төлеушілердің өтініштеріне уақытылы жауап береді, салық заңнамасының сақталуы бойынша хронометраждық зерттеуге, сонымен қатар тақырыптық тексерулерге қатысады, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік бұзушылықтар бойынша әкімшілік өндіріс жүргізеді, ҚР БСАЖ жүйесіне қажетті мәліметтердің уақтылы және сапалы енгізілуін қамтамасыз етеді, әкімшілік айыппұлдардың өндіріп алу есебін бақылайды, ҚР ӘРПК сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтайды, ақпараттық қауіпсіздік саясатын қадағалайды, ақпараттық қауіпсіздік техникалық құжаттамасының талаптарын орындайды, жалпыға ортақ әдеп нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, «БҚА»(ОДО), «Е-Өтініш» бағдарламаларымен жұмыс істейді, бөлімде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді, мемлекеттік және заңмен қорғалған басқа да құпияларды сақтайды, салық төлеушілер туралы салық құпиясын қатаң сақтайды.
Штаттық кестеге сәйкес, бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады (4 грейд).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zh.zhanibekova@kgd.gov.kz
- 09.06.2026
- Алматы қаласы Шолохова көшесі 14
-
87272215849