ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және "Байланыс-орталығы" басқармасының бас маманы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

(А блок) Комитеттің және Департамент басшылығының қарау үшін түскен тапсырмаларының белгіленген тәртіпте және мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың заңнаманы түсіндіру туралы хаттарын, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің өтініштерін қарайды. Мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарма құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық органдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Жоғары басшылықтың нұсқауларын, хаттамалық тапсырмалырын уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді. Басқарманың тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді. Салық және кеден заңнамаларын түсіндіру мақсатында семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және т.б. шараларды жүргізеді. Салық және кеден заңдылықтары және басқа да құқықтық-нормативтік актілірі бойынша техникалық сабақтар өткізуді ұйымдастырады. ҚР ҚМ МКК-нің және МКД-нің «интернет-ресурстарына» жарияланымдар жолдау; Басқарма қызметінің негізгі бағыттарын жақсарту бойынша ұсыныстар береді. Салық төлеушілерді телефон желілері және «Байланыс-орталығы» арқылы ақпараттандыру және өзгерістер бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнату; «Байланыс-орталығы» операторлары Байланыс орталығына жүгінген Салық төлеушілерді ақпараттандыру бағытында рейтингтік көрсеткіштерінің нысаналы мақсатына жетуді қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.05.2026 – 02.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.06.2026

Сұхбаттасу орны

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Атырау қаласы, Азаттык даңғылы, 94 А, 5 этаж, Конференц залы

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама телефоны: 87122318420, факс: 87122318420