ҚР ҚМ МКК Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы, 1 бірлік
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Атырау облысы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
(А блок) Жетекшілік ететін бөлімдерге басшылық жасау және олардың жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастыру, орындалған жұмыстардың жай-күйлеріне бақылау жасау, Мемлекеттік кірістер басқармасына сәйкес қызметті үйлестіру және оны билік жүргізуші мемлекеттік органдарға және басқа да мекемелерге жіберілуін қамтамасыз ету, мемлекетік органдардың өз-ара іс қимылын үйлестіру, ҚР ҚМ МКК саясатын қалыптастыру және осы саясатты жузеге асыру жұмыстарына қатысуын қамтамасыз ету, салықтық емес төлемдердің түсімдері қарастырылған салық заңнамаларының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын жүзеге асыру, мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілердің арасындағы даулы материалдар бойынша құқықтық тұжырымдарды әзірлеу, кадр мәселесі бойынша жұмыстарды үйлестіру, экономикалық теорияларды, қаржылық талдау теорияларын, мемлекеттік басқару, Қазақстан Республикасының жалпы экономикалық және салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын білу. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi, заңмен белгіленген мемлекеттік қызметшінің міндеттерін ,қызметтік әдепті сақтауға; Қызметтік және еңбек тәртiбінің сақталуына бақылау жасауды; басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлықты жою шараларын қарастыруға
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.06.2026
- Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Атырау қ., Азаттық даңғылы, 94 А, 5 қабат, Конференц залы
-
анықтама телефоны: 87122318420, факс: 87122318420