ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы
Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Алматы қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Регламентте көрсетілген мерзімде салықтық өтініштерді қабылдау, енгізу және өңдеу және ҚР заңында көрсетілген мерзімде шығыс құжаттарын беру, күту (қызмет көрсету) мерзімінің стандартын сақтай отырып, электронды кезек жүйесінде қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсету, онлайн-БКМ қолдану және салық есептілігін тапсыру мерзімін уақытша тоқтату және т.б. сұрақтар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау барысында хабарлама жіберу, салық есептілігінің нысанын тапсыру бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мақсатында салық төлеушілердің дербес шоттарын түгендеу, тапсырылмаған салық есептілігі бойынша хабарлама жіберу және есеп айрысу шотын бұғаттау, хабарламаларға қажетті мәртебесін уакытысында қою, тоқсан сайын 2-Н есебін жасауға қатысу, ӘІБТ (ЕРАП) деректер қорына ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну мен енгізу (ф.1-АВ,1-АП карталарын, хабарламаларды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 894 және 895 баптарына сәйкес, айыппұл өндіріп алу туралы қаулының орындалу күні, өндірілген айыппұл көлемі), сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында салық органдарының мүддесін қорғау, әрекетсіз салық төлеушілердің тізімін жасап, бұйрық шығару және бұйрықты ҚР БСАЖ енгізу, белгіленген талаптарға сәйкес, салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы МКБ бұйрығы негізінде әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару, Салық кодексінің 67 бабының 5-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес оңайтылған түрде қызметін тоқтатуға жататын жеке кәсіпкелерді тіркеу есебінен шығару, резидент емес жеке тұлғаларды және резидент емес салық төлеушілерді, олардың филиалдарын тіркеу есебіне қою, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою (алу) және тіркеу карточкасын беру, ҚҚС тіркеу есебіне қою (тіркеуден шығару) күндеріне түзету енгізу туралы өтініш беру, АСР қолдану, қызметін қайта бастау туралы өтініш жазу, ҚӨО журналы арқылы салық өтініштерін қарау мерзімдері мен бизнес-процестерді сақтау, тіркеу (қайта тіркеу) мәліметі жарамсыз деп табылған салық төлеушілерге қатысты іс-шараларды орындау (ЭЦҚ жою, ҚҚС тіркеу есебінен шығару туралы шешім қабылдау, мәртебесін қою, ҚР ҚМ МКК сайтына орналастыру үшін МКД бағыттау) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтау, бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес оның ішінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау, басқарма басшысының тапсырмасын, бақылау құжаттарының, жүктелген міндеттер мен қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуы үшін және құжаттардың сақталуына жауапкершілік алады, салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту) туралы салықтық өтініштерді қабылдау және шешім қабылдау кезіндегі заң талаптарға сәйкестігін тексеру, салық органының шешімі бойынша салық төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде ЭЦҚ-ны жою, қызметін тоқтату туралы салықтық өтініштерді қабылдау және уақытылы заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөліміне беру, заңды тұлғаларды мемлекеттік базадан шығару туралы хабарламаларды растау (қайта құру, тарату, бірігу), оңайтылған қосылған құн салығын автоматты түрде қайтару бойынша іс-шараларды жүргізу (барлық жеке шоттарды түгендеу, ҚР БСАЖ деректер қорына соңғы 3 жылдағы мәліметтерді енгізу), салық төлеушілер терминалының жұмысы-салық төлеушіге салық есептілік нысанын электронды түрде жіберу кезінде кеңес беру қызметін көрсету, ҚҚС төлеушілер бойынша салықтық зерттеу актісін жүргізу үшін қызметтік хаттарды жіберу, қызметтерді көрсетудің аумақтық принципі негізінде өтінімдерді енгізу және өңдеу, жеке сот орындаушысының тыйымдарын деректер қорына енгізу (шешу), ҚР ӘҚБтК-нің 269, 270, 272 және 288 баптарына сәйкес әкімшілік іс жүргізу, ҚР ӘРПК сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтайды, ақпараттық қауіпсіздік саясатын қадағалайды, ақпараттық қауіпсіздік техникалық құжаттамасының талаптарын орындайды, жалпыға ортақ әдеп нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, «БҚА»(ОДО), «Е-Өтініш» бағдарламаларымен жұмыс істейді, бөлімде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді, мемлекеттік және заңмен қорғалған басқа да құпияларды сақтайды, салық төлеушілер туралы салық құпиясын қатаң сақтайды.
Штаттық кестеге сәйкес, бұл лауазым "A" функционалдық блогына жатады (3 грейд).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Korabai.d@kgd.gov.kz
- 16.04.2026
- г.Алматы улица Шолохова 14
-
8-727-221-58-45