ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:    

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

Конкурстық іс жүргізуді ұйымдастыру, жүргізу және борышкерді соттан тыс тарату рәсімі мәселелері бойынша оған бекітілген уақытша банкроттықты, оңалтуды басқарушылардың қызметін бақылау; әкімшілердің есептеріне талдау жүргізу; банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау және шеттету туралы бұйрықтарды дайындау, Екінші деңгейдегі банктерге банкроттардың банктік шоттарындағы ақша қаражатының қозғалысы бойынша сұрау салу жіберу, уәкілетті органның сайтына кредиторлардың талаптарын орналастыру, банкротты тану туралы хабарландыру, кредиторлар жиналысын өткізу туралы мәліметтер, таратылатын борышкерлердің конкурстық массасын сату жоспарларының жобаларын, кредиторлар комитеті уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушымен жасасатын келісімдерді қарау, оңалту рәсімін жүзеге асыру барысы туралы, уақытша басқарушының қаржылық жай-күйі және банкроттық рәсімі туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру барысы туралы, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсімін жүргізу барысы туралы ағымдағы ақпаратты қарайды; санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратады; борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; осы Заңда көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келіседі; оңалту рәсімін жүзеге асыру; әкімшінің іс-әрекетіне шағымдарды қарайды; банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін және активтерді шығаруға әкеп соққан мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде үш жыл ішінде шаралар қабылдайды, мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады; заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және істерді қарайды, өз құзыреті шегінде әкімшілік; өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату бойынша түсіндірме және түсініктеме береді; қасақана және жалған банкроттық және камералдық бақылау мәніне борышкерлердің қызметіне талдау жүргізу, борышкерді банкрот деп тану туралы мәселелер бойынша сотқа қатысу.   

Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады (5 грейд)         

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.04.2026 – 07.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mб

Сұхбаттасу күні

09.04.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қ-сы, ул.Бөгенбай батыра, 132

Анықтама алу үшін байланыс

 8-701-724-12-80

8(727) 2700732