Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасы уәкілетті органдармен жұмыс бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Маңғыстау облысы бойынша МКД

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Функционалды міндеттер

Басқармаға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді; басқарма құзыреті шегінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық салу базасы бойынша уәкілетті органдардан өндірістік емес төлемдер бойынша салық, төлем, алымдар, баж, мәліметтерді алуды қамтамасыз ету; уәкілетті органдардың бюджетке басқа міндетті төлемдердің уақытылы аудару мен толық өндіру бойынша салықтық бақылау актілерін бақылау жасау; уәкілетті органдармен өзара қарым-қатынас жасау; бекітілген салық, төлем, алымдар, баж, әкімшілік айыппұл және өндірістік емес төлемдер бойынша салықтық емес түсімдер бойынша түсімдердің толығына және уақытылы түсуіне бақылау жасау. Сонымен қатар, болжамды көрсеткіштердің орындамауына немесе артық орындаудың себептеріне талдау жасау; бөлемдерде бекітілген сапалы және уақытылы есептерді, тапсырмаларды, салыстыру актілерін жасау; салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; басқарма құзыреті шегіндегі салықтардың түсімдердің толығы мен уақытылығына бақылау жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2026 – 06.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, № 35 әкімшілік ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8(7292)30-13-10/1184