ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Нұра» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, «А» функционалдық блогі, C-R-2 санаты, 1 бірлік.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Астана қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Қарамағындағы бөлімдер жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету. ҚР фискалдық саясатын қалыптастыру және осы саясатты іске асыру жөніндегі басқарманың жұмысына қатысу. ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексі, ҚР Еңбек Кодексі, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының сақталуын қадағалау. Мемлекеттік қызмет қөрсету сапасын көтеруге; ҚР әкімшілік заңдылықтарының нормаларына сәйкес әкімшілік өндірісті және шешім шығаруды қарастыруға талдау жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.utebayeva@kgd.gov.kz
- 27.03.2026
- Астана қаласы, Тұран даңғылы 49
-
(7172) 77-31-04