Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Жамбыл облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Бюджеттік Кодекстерін, ҚР «Бухгалтерлік есеп және есептілік» және «Мемлекеттік сатып алу» Заңдарын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Кеден ісі туралы» Кодекстерін, Еңбек Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламалары бойынша, Интернетпен, Интранет-порталмен, және электрондық почтамен жұмыс істей алу.
Функционалды міндеттер
А Блогы. Бөлімге бекітілген салықтар мен төлемдердің болжам сомалардың орындалу барысында, түскен сомаларына талдау жұмыстарын жүргізу. Салық төлеушілердің тапсырған салықтық есептіліктеріне және уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде жалпы және автоматтандырылған камералдық бақылау жүргізеді. Салық берешегі бар салық төлеушілерге мәжбүрлеп өндіру тәсілдері мен әдістерін қолданады. Жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыстарды әкімшіліктендірудің сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу, салығының толығымен түсуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының салық және басқа да заңдылықтарын бұзған салық төлеушілерді әкімшілік жазаға тарту туралы хаттамаларды толтырады. Департамент басқармаларымен, аумақтық салық басқармаларымен, азаматтармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық » туралы Заңының аясында тиісті жұмыстарды жүргізу. Әкімшілік айыппұлдар бойынша WepАП ақпараттық бағдарламасына іс құжаттарды енгізеді. Салық төлеушілерге салықтық тексерулердің барлық түрлерін жүргізеді. Әкімшілік шара колданылуы хаттамалары мен қаулыларын толтырады. Ақпарат базасын әкімшіліктендіруді, рұқсат құқықтарын бөлуді, жүйені пайдаланушыларды тіркеуді, ақпараттық ағындарды реттейді. Персоналды компьютерлерге бағдарламаларды орнатады. Медиа –жоспар жасау,қадағалау және осыған қатысты іс шаралардың кәсіби сабақтың уақытылы өтуін қадағалайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.10.2025
- Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Мойынқұмауылы, Б. Омаров көшесі 6 үй
-
8(72642) 2-46-78, 2-42-59