Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Жамбыл облысы

Санат

C-R-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», ҚР «Кедендік реттеу туралы»  Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Тиісті лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда: сәйкесті мамандығы бойынша меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі.

Жеке компьютерде MS Word, MS Excel бағдарламалары бойынша, Интернетпен, Интранет-порталмен, және электрондық почтамен жұмыс істей  алу.

Функционалды міндеттер

А Блогы. Салық заңдылығың орындалуына бақылау жасау, салық басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу, қызмет бабын теріс пайдалануды ескерту, сыбайлас жемқорлықты жою шараларын қарастыру, жетекшілік жасайтын бөлімдердің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, белгіленген есептіліктерді уакытылы жасау мен ұсынылуының қамтамасыз етілуіне бақылау жасау, бөлімдердің жұмысына қажетті әдістемелік көмек және кеңес беру, қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ықпал ету, өз құзреті шегінде мемлекеттік, салықтық және тағы басқа заңмен қорғалатын құпия ақпараттарды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.Жетекшілік жасайтын бөлімдерге жүктелген міндеттердің сапалы орындалуын, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын; салық заңдылықтарын және нормативтік құқықтық актілер бойынша көзделген салықтық емес түсімдер, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын және міндетті зейнетақы жарнасының уакытылы аударылуын; салық органында тіркеуде тұрған салық төлеушілердің бекітілген болжам сомаларын басшылық жүргізетін салықтар түрлері бойынша орындалуын, мемлекеттің мүддесін және салық төлеушілердің конституциялық құқықтарын сақтау және оны қорғауын қадағалайды.Өз қызметін жүзеге асыруда жұмысын ҚР ҚМ МКК-мен, Департамент басқармаларымен, салық төлеушілермен, азаматтармен, уәкілетті, құқық қорғау органдармен және басқа да мемлекеттік органдарымен үйлестіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.10.2025 – 10.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.10.2025

Сұхбаттасу орны

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі 36

Анықтама алу үшін байланыс

87262452874