Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (ЖСӘБ-5-3, C-R-4 санаты, 1 бірлік)
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Қарағанды облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
- Құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
ҚҚС-ты дұрыс есептеуді, бюджетке толық және уақтылы енгізуді қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады. Қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті салық төлеушілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді. Салық базасын ұлғайтуға бағытталған жұмыстың неғұрлым тиімді әдістерін айқындау мақсатында деректер жинауды жүргізеді және қосылған құн салығы түсімдерінің динамикасын зерделейді. Салық төлеушілердің экономикалық, қаржылық мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды және ҚҚС бойынша салық есептілігі нысандарын камералдық бақылауды бақылайды. ҚҚС бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау бойынша қойылған хабарламаларды пысықтайды. ҚҚС бойынша дебеттік сальдоны пысықтайды. Кеден одағы шеңберінде жанама салықтар бойынша салық төлеушілерден салық, статистикалық декларация және Өтініш нысандарын, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде қабылдайды және өңдейді. Кеден одағы шеңберінде бюджетке жанама салықтардың есептеулері мен түсімдерін есепке алуды, өңдеуді және камералдық бақылауды қамтамасыз етеді, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін бақылайды. Есептелген және төленген салықтарға (акциздерге) талдау жүргізеді, қызметін бағалайды, тексеруге іріктеу үшін салық төлеушілер туралы мәліметтерді талдайды. Жоспарлы тақырыптық тексерулерді, сондай-ақ акциздер мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғары тұрған ұйымының тапсырмалары бойынша жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша материалдарды ресімдейді, оларды тіркейді және іске асыру үшін береді. Акциздік бекеттерде хронометраждық тексерулер жүргізеді. Салық салу объектілерін тексереді, тексерілетін субъектілерге мониторинг жүргізеді, есептер жасайды. Жабуға ҚҚС төлемейтін заңды тұлғаларға тексеру жүргізеді. Резидент емес шетелдіктердің қазақстандық көздерден алатын табыстарын, сондай-ақ төлем көзінен ЖТС салуға жатпайтын резидент емес шетелдіктердің табыстарын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Кеден одағы елдерінен және Кеден одағына мүше емес елдерден тауарлар импорты бойынша жұмыстар жүргізеді. А блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
o.andreeva@kgd.gov.kz
- Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 73
-
8-7212-44-15-29