Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазыбек би атындағы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары (АО-1-3, С-R-2 санаты, 1 бірлік).

Мемлекеттік орган

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-R-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, бөлімдердің жұмысына жетекшілік ету, салықтардың барлық түрлері бойынша салық алаңын талдау және салықтардың түсуі бойынша болжам жобасын дайындау, салық заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.Мемлекеттік кірістер басқармасының уәкілетті лауазымды адамдарының салық төлеушілердің шағымдарын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға наразылықтарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген тәртіппен қарауын ұйымдастыру. Апелляциялық және қадағалау шағымдарының, арыздардың уақтылы қаралуын бақылауды жүзеге асыру. А Блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.05.2025 – 02.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Қарағанды қаласы, Нүркен Әбдіров даңғылы, 36/3

Анықтама алу үшін байланыс

8-(7212)-51-35-18