«Сарайшық» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Талдау және есепке алу бөлімінің бөлім басшысы, санаты C-R-3, 1 бірлік (А блогы)

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-R-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

   C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Математика және статистика
  • Информатика
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау. Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ МЗЖ-ны ЖЗҚ-ға уақтылы аударуын бақылау. Салық төлеушілерге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді аударудың дұрыстығы мен уақтылылығы туралы түсіндіру. Бөлу тізіміне сәйкес салықтар мен төлемдер, ЖЗҚ МЗЖ және әлеуметтік аударымдар бойынша анықталмаған төлемдермен жұмысты бақылау. Бюджетке түскен, қайтарылған салық және басқа да міндетті төлемдер сомаларының, сондайақ ЖЗҚ МЗЖ және әлеуметтік аударымдардың жеке шоттарындағы жазбалардың уақтылығына, дұрыстығына, толықтығына бақылауды жүзеге асыру. Нөлдік ставка бойынша ҚҚС қоса алғанда, ҚР заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға, қайтаруға қорытындылар дайындауға бақылауды жүзеге асыру. Салық төлеушілердің ақпараттық жүйесіндегі (ЦУЛС) жеке шоттарына банк көшірмелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің күн сайын таратылуын бақылау, төлем тапсырмалары бойынша таратылған сомаларды банктің үзінді көшірмелерімен салыстырып тексеру. Қате есептеу туралы ұсынылатын хаттамалар бойынша дербес шоттарды жүргізу ережелеріне сәйкес қате төлемдермен жұмысты бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерінің сақталуын бақылау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың уақытылы және сапалы орындалуына дербес жауапкершілік.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2025 – 15.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.05.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 16

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 57-65-58