Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және бақылау бөлімнің бас маманы, 1-бірлік

Мемлекеттік орган

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-R-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

(А блок) Басқарма құзыреті шегінде заңнаманы дұрыс және біркелкі қолдану бойынша жұмысты орындауды дайындау, қорытындылау, бақылау; салық төлеушілердің барлық салық түрлері мен басқа да міндетті төлемдері бойынша салықтық міндеттемелерінің орындалуын бақылау, түгендеу, камералдық бақылау жүргізу, хабарлама беру, уақытында орындалмаған хабарламалар бойынша мерзімінде шаралар қолдану, ақпараттық жүйеде өңдеу; бекітілген салық төлеушілер мен бюджет жіктемесінің кодтары бойынша түсімдер ағымын бақылау; салықтық өтініштер қабылдау, өңдеу, шығыс құжаттарын беру, ісқұжаттарын жасақтау; арнаулы салық режимін қолдану және тоқтату жөніндегі өтініштерге бақылау жасау, сондай-ақ дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарламасы бойынша тіркеу есебіне қою, тіркеу деректерін өзгерту, салықтық өтініштері бойынша есептен шығару; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуды есепке қою, есептен шығару, тіркеу деректерін өзгерту, өңдеу; бақылаукасса машиналарын салықтық өтініштері бойынша тіркеу есебінен шығару; кедендік одақ шеңберінде жанама салықтарды әкімшіліктендіру бойынша жұмыстар жүргізу; «Мәліметтердің бірыңғай қоймасы» ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған және қолмен камералдық бақылау жүргізу, өңдеу; жалған кәсіпорындармен жұмыс жүргізу; еңбекші көшіп келуші – резидент еместердің салықтық міндеттемелерінің орындалуын бақылау; салық және басқа да міндетті төлемдердің берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын жүргізу; салынған айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жүргізу; салық төлеушілерге тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп тексерулер, қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішіне сәйкес камералдық бақылау жұмысын жүргізу, қорытынды мен тексеру акттерін ЭКНА АЖ-не сапалы енгізу, өңдеу; ҚР ӘҚБтК-мен толтырылған әкімшілік істерді ақпараттық дерекқорға енгізу және әкімшілік істер бойынша ҚСжАЕК-нің Атырау облысы бойынша басқармасымен тоқсан сайын салыстырулар жүргізу; сот ісіне қатысты құжаттарды жинақтау; артық төлемдермен жұмыс жүргізу; ақпараттық жүйе қызметтерін (администраторлық қызмет) атқару, ақпараттық қауіпсіздік іс-шараларын ұйымдастыру; салық кодексіне сәйкес уәкілетті органдардан мәліметтерін уақытында алу, өңдеу; салық төлеушілердің арыз-шағымдарын қарау; Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен келіп түскен хаттар мен хаттамалық тапсырмаларды және мемлекеттік кірістер басқармасы басшылығының тапсырмаларын уақытында әрі сапалы орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.05.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2025 – 21.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.05.2025

Сұхбаттасу орны

Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Әлия Молдағұлова көшесі, 1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

871238-2-12-44