Менеджмент жүйесі және талдау жұмысы бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, В блогы, 1 бірлік) №02-02.
Орталық кеден зертханасы
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Машина жасау
- Аспап жасау
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Техникалық ғылымдар және технологиялар
Қосымша талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар стандарттау, сертификаттау және метрология, машина жасау, аспап жасау, технологиялық машина және жабдықтар саласында.
Функционалды міндеттер
Сапа менеджмент жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету; өлшем құралдарына (бұдан әрі –ӨҚ) және сынақ жабдықтарына (бұдан әрі – СЖ) төл құжаттарының картотекасын жүргізу; ӨҚ және СЖ салыстырып тексеру және техникалық қызмет көрсету жоспарларын-графиктерін құрастыру,орындау; ӨҚ және СЖ салыстырып тексеру және аттестаттау туралы сертификаттарының әрекет ету мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; ОКЗ ӨҚ салыстырып тексеру және СЖ метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттарының бар болуын есепке алады; мамандармен бірге жүргізілген сынақтардың белгісіздігін бағалау нәтижелері бойынша есеп жүргізеді; өлшем құралдарының түрін және метрологиялық аттестаттауын бекіту бойынша жұмыс жүргізу, ОКЗ және құрылымдық бөлімшелердің өлшем құралдарын уақытылы салыстырып тексеру; зертхана ішіндегі бақылау сынақтарының жүргізілуін бақылау және нәтижелері бойынша есеп дайындау; өлшем құралдары мен сынақ жабдықтарын есепке алу бойынша журналдарын жүргізу; өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша ОКЗ құрылымдық бөлімшелеріне кеңестік және әдістемелік көмек көрсету; сынақ хаттамаларын тексеруді қамтамасыз ету; бөлімнің іскерлік хат алмасуын жүргізу; ОКЗ қызметкерлеріне медициналық қарауды және тексеруден өтуді ұйымдастыру; ОКЗ басшысының, ОКЗ басшысының орынбасарларының, Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.04.2025
- Астана қ., Республика даңғ. 60
-
8(7172) 70-97-97