Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, № ОРН-02, А функционалды блогы

Мемлекеттік орган

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-R-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   C-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету; бөлім туралы ережесіне сәйкес бөлімге жүктелген мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету; бөлімге жүктелген бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдердің толық түсуіне бақылауды жүзеге асыру; салық төлеушінің таралуы оңайлатылған тәртіпте жұмыс істейтін салық төлеушінің қызметін тоқтату туралы өтініші бойынша салық есептілігіне камералды бақылау жасауды жүзеге асыру; салықтық тексерудің сапалы жүргізуді бақылауды жүзеге асыру (тематикалық, қарсы, хронометражды бақылау); артық төлемдер бойынша іс-шаралар жүргізу және берешекті өндіріп алу; салық міндеттемелерін мерзімінде немесе толық көлемде орындамаған салық төлеушілерге әкімшілік іс қозғау кезінде материалдар дайындау; бөлім қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін айқындап, бекіту; бөлімінің іс жүргізуіне мемлекеттік тілді енгізуге бақылау жасауды жүзеге асыру; бөлім қызметкерлерінің сыбайлас-жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша шаралар қолдану; бөлімінің белгіленген есептілігінің, жоғары Мемлекеттік кірістер органдарының, Курчатов қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, уақытында тапсырылуына бақылау жасау; Курчатов қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басқадай құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынаста болуын қамтамасыз ету; бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсініктіру жұмысын жүргізу мен қатысу; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуына бақылау жасау; өз құзырының шегінде мемлекеттік және қызметтік құпиясы бар ақпаратты қорғау бойынша жұмыс жүргізу; жолын кесу бойынша шаралар қолдану; бөлім жұмысшыларымен еңбектік және орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету; лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.02.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.02.2025 – 06.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

12.03.2025

Сұхбаттасу орны

Абай облысы, Семей қаласы, Абай данғылы көшесі 3 үй, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтын бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8(7222)56-83-73