Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік, (№21-0-4 , уақытша бос орын бала күтіміне байланысты 15.01.2026 жылға дейін)

Мемлекеттік орган

Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексін», сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік актілерді басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады. Жекеше нотариустардың, сот орындаушылардың жеке табыс салығы бойынша декларациясын қабылдайды және электронды түрде тапсырған салық есептілігіне бақылау, түгендеу жұмыстарын жүргізу (240.00 нысан);Активтер мен міндеттер туралы декларация  (250.00 нысан);Кірістер мен мүлік туралы декларация  (270.00 нысан);Жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнің төлемнің ағымдағы төлемдердің есебін қабылдайды және  электронды түрде тапсырған салық есептілігіне бақылау, түгендеу жұмыстарын жүргізу (851.00  нысан);Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларацияны қабылдайды және уәкілетті органнан тиісті мәліметті алып отырады және электронды түрде тапсырған салық есептілігіне бақылау, түгендеу жұмыстарын жүргізу (870.00 нысан); ҚР Заңдарын, Салық кодексін, 2022 жылдан  бастап  Жалпыға  бірдей  декларациялау  енгізілуіне  байланысты   түсіндіру  жұмыстарын  салық төлемгерлеріне  жан-жақты   насихаттау барысында іс-шаралардың уақытылы өткізілуін қамтамасыз етеді,  дербес  жауапты;Салық төлемгерлеріне салық заңдылықтарын түсіндіру мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қатысты материалдарды баспасөз бетінде материалдар жариялау, семинар кеңес жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу,салық төлемгерлеріне салық заңдылықтарын түсіндіру мақсатында баспасөз бетінде материалдар жариялау, семинар –кеңес жұмыстарын ұйымдастыру;Есептілік тапсырмаған салық төлеушілерге салық заңдылығын бұзушылықты жою мақсатында уақытында хабарламалар беру жұмыстарын атқарады;Қабылданған салық есептіліктеріне бет есепке орналасуын қадағалау, орналаспаған жағдайда тиісті шаралар қолдану;Қабылданған салық есептіліктеріне камералды бақылау жасап, нәтижесімен хабарламалар беру жұмыстарын атқарады; Өндірістік қажеттілікке қолдану мақсатында салық төлеушілердің ЕХД (единое хранилище данных) бірыңғай мәліметтер қоймасы ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерге қалыптастырылған хабарламалардың орындалуын бақылайды, жұмыс жасайды.  Камералдық бақылау нәтижелері бойынша  анықталған айырма бойынша «қолмен» хабарлама қалыптастырады. Хабарламаның орындалуына, бюджетке толық төлем тапсырмасымен өндірілуіне жұмыс жасайды;Өзіне бекітілген бюджеттік сыныптама кодттары бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді;   БСАЖ АЖ-не және СОНО АЖ-не келіп түскен сұраныстарға мерзімінде өңдеу жұмыстарын жүргізуге жауапты;Әр тоқсан сайын Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілетін 2-С есебіне, өзіне бекітілген салықтар мен алымдар бойынша мәліметтерін және уәкілетті органдармен салыстырмалы актілерін дайындайды;Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес салық төлеушілер тарапынан салық заңдылықтары бұзылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды, ұйғарымдарды, қаулыларды толтырып, №1-ӘЖ, 1-ӘҚ нысанды карточкаларын  әкімшілік құқық бұзушықтардың бірыңғай ресстріне 24 сағат ішінде уақытылы орналастырып отырады;Өзінің функционалдық міндеттерінің шеңберінде бақылау хаттарының және басқа да тапсырмаларға, өз қызмет саласы бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен хаттарға, арыз-шағымдарға сапалы және уақтылы жауап қайтарылуын қамтамасыз етеді; «e otinish» - Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде жолданымдармен жұмыс жасау. Соттарда және басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде Мемлекеттік кірістер басқармасының мүдделерін қорғайды;Ақпарат құралдары  арқылы бөлімнің атқарып жатқан жұмыстары жайлы және салық заңдылықтарындағы жаңалықтар, өзгерістер туралы жариялап тұруына жауап береді; Өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшыға немесе жоғары тұрған басшыға және уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізуге; Ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарын сақтауға; Әр тоқсан сайын Облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілетін 2-С есебіне, өзіне бекітілген салықтар мен алымдар бойынша мәліметтерін және уәкілетті органдармен салыстырмалы актілерін дайындайды.Өзіне бекітілген бюджеттік сыныптама кодттары бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді;   

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.02.2025 – 11.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15MB

Сұхбаттасу орны

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Арал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарасақал Ерімбет көшесі, №68 ғимарат, 2-ші қабат.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72433) 2-25-84