ҚР ҚМ МКК Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдерді және дара кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 12.09.2025 жылға дейін), индекс 06-2-5
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Алматы облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жалпы ақпараттар дайындау. Салық төлеушілерден келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды қарау және бөлім құзіретінде оларға негізделген жауаптар дайындау.Салық кодексін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жеке кәсіпкерлерден келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды қарау және бөлім құзіретінде оларға негізделген жауаптар дайындау. Салық заңдылығын жетілдіру мақсатында ұсыныстар беру. Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі, толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау. өндірістік емес төлемдерді дұрыс есептеуін, толық және мезгілінде бюджетке түсуін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізу. Камералдық бақылау нәтижесі бойынша салық есебінде бұзушылықтар анықталса, бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар ұсыну жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар Бірыңғай мәліметтерді сақтау қоры ақпараттық жүйесі (ЕХД) тәртіптемесінде хабарламалардың орындалуын бақылау. Жеке кәсіпкерлердің салық есептер нысаны бойынша салық есебінің барлық түрлері бойынша камералдық бақылау жасау, анықталған алшақтық бойынша салық төлеушілерге хабарлама құрау және жіберу. Камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған заң бұзушылықты уақытылы жоюын бақылау. Камералдық бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру.Салықтық зерттеу актісі бойынша жұмыстарды жүргізу. Салық есептіліктердің көрсеткіштерін өзара, уәкілетті және басқа мемлекеттік органдар жіберген салық объектілері және салыққа қатысты объектілер туралы мәліметтермен, салық салуға қатысты және салық төлеушілер қызметі бойынша әр түрлі дереккөздерінен келіп түскен мәліметтермен, басқа да салыққа қатысты көрсеткіштерімен салыстыру. Салық кодексіна сәйкес салық төлеушінің қызметін тоқтауына байланысты камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасау. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау.
"А" функционалдық блок
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алтын Адам аллеясы көшесі, 155
-
8-72775-75595