Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ғабит Мүсірепов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Солтүстік Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Функционалды міндеттер
Салық есептілігін қабылдау, олардың сапасын және уақтылы ұсынылуын бақылау, өтініштерді қабылдау, оларды қарау, уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша және мерзімдерде анықтамалар мен басқа да құжаттарды тіркеу және беру бойынша жұмысты жүргізеді; тіркеуді (қайта тіркеуді) жүргізеді. Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің дұрыс және уақтылы түсуін және есепке алынуын бақылау, болжамды көрсеткіштердің орындалуын талдау. Кеден одағы шеңберінде бюджетке жанама салықтардың түсуі және әкімшілендіру бойынша жұмыстарды жүргізу. Салық заңнамасын бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау. Мемлекеттік қызметтерді, бақылау тапсырмаларын, заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптарды, соттардың және басқа да жергілікті атқарушы органдардың сұрауларын уақтылы және сапалы көрсетеді. Салық өтініштері бойынша ОБЖШ АЖ-де салық төлеушілердің артық төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізеді, қайтару үшін К-2 салық төлеушілердің банктік шоттарын тіркеуді жүзеге асырады. Күн сайын бюджетке түскен анықталмаған сомаларды өңдеу бойынша жұмыс жүргізеді. Заңды тұлғалар мен жек е кәсіпкерлердің қызметі тоқтатылған кезде ОБЖШ АЖ-де жеке шоттарды жабуды жүзеге асырады. Салық төлеушілердің болу/тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жеке шоттарын ОБЖШ АЖ-не беруді жүзеге асырады. Куәландыру туралы өтініш келіп түскен кезде ЭШФ қағазда экспортқа арналған ЭШФ растауды ресімдейді, сондай-ақ бағдарламада ЭШФ Өңдеу модулін куәландырады. Фискалдық жады бар бақылау касса машинасын (бұдан әрі - ФЖ БКМ) тіркеу және есептен шығару бөлігінде салық төлеушілерге тіркеу сипатындағы құжаттарды қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асырады. БКМ бойынша есеп. БКМ үлгілерінің сәйкестігі мәніне есепте тұрған БКМ бойынша талдау жүргізеді. БКМ техникалық ақауы болған жағдайда ТҚО қорытындысы бойынша Е-лицензиялау бағдарламасында БКМ пломбасын бұзуға рұқсат беруді жүзеге асырады. Кейінге қалдыруды ұсыну туралы салықтық өтініштер бойынша Е-лицензиялау бағдарламасында жұмыс жүргізеді. Жаңадан тіркелген ҚҚС төлеушілердің нақты орналасқан жеріне салықтық зерттеулер жүргізеді. Салық төлеушілер келген кезде консультациялық көмекті, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету және шығыс құжаттардың дайындық дәрежесі мәселелері бойынша телефон арқылы консультацияны жүзеге асырады. A блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.bogonalimova@kgd.gov.kz
- 04.12.2024
- Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 56
-
8(7152) 50-00-51, 46-45-07