ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, ОАКН-5
Ақтөбе облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Функционалды міндеттер
Салық төлеушілерге камералдық бақылау хабарламаларын жолдау, камералдық бақылау хабарламалардың алынған жауаптарын талдау, қолмен камералдық бақылау, ҚҚС бойынша камералдық бақылау рәсімдерін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізеді. Талап – арыз жұмысын жүргізеді, тараптардың бірі басқарма болған азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істерін, сот шешімдерін орындауды бақылайды және ұйымдастырады. Құқықтық мәселелерді қарау барысында өз құзыреті және құқығы шегінде бекітілген тәртіпте сот және өзге де органдарда басқарманың мүдделерін білдіреді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы мен хаттамалар бойынша өтініштер мен шағымдарды өз өкілеттігі шегінде уақытылы және сапалы қарайды. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау және азаматтық әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша басқарманың талап – арызын қарау жөніндегі сот және соттан тыс тәжірибе бойынша есеп және талдау жүргізеді. Жалған кәсіпорындар контрагенттерімен жұмыс жүргізеді. Жалған шот-фактуралар ауыстырған және ҚҚС бойынша есептен шыққан, салық төлеушілердің жұмыс жүргізу, әрі қарай материалдарды құқық қорғау органдарына береді. Белгілері бар жалған кәсіпкерлер жеткізушілерді анықтау, кейіннен Ақтөбе облысы бойынша құқық қорғау органдарына ақпарат береді. Жоғары тұрған органға және басқарма басшылығына қосылған құн салығы мәселелері жөнінде жанама салықтарды әкімшілендіру, есептердің және ақпараттардың даярлануы мен уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің құзыреттік шегінде әкелінген тауарлар мен төленген жанама салықтар бойынша түскен өтініштерге талдау жасау және хат дайындайды. Кедендік одақ негізінде Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық заңдарына енгізілген өзгерту мен толықтырулар жөнінде әрдайым мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағындағы мемлекеттер мүшелерінің аумағынан тауар импорттаушырады 328.00, 320.00, 300.00 салықтық есептілігі нысандары бойынша жанама салықтарын толық, уақытында және дұрыс есептеулеріне камералдық бақылау жүргізу. Кедендік одақта импортталған тауарларға қосылған құн салығы бойынша салық төлеушілердің құн салығын төлеу фактісін растағаны немесе растаудан бас тартуын бақылайды. Қазақстан Республикасының аумағына қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғалардың алып келген тауарлары, ҚҚС төлеуден босатылатын уақытша алып келінген тауарлар тізіміде қарастырылмаған жағдайда, салықтық міндеттемелерді орындалуларын бақылауға алады. Сот отырыстарына қатысады. А блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.zhumalieva@kgd.gov.kz
- Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 97
8(7132) 54-61-40, 8(7132) 56-40-56