Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік (А блогы)
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Астана қаласы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Функционалды міндеттер
Салық заңнамасының сақталуын бақылау. Өз құзыреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсініктемелерді жүзеге асыру, түсіндіру және ұсыну. Салық заңнамасы саласында салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Заңды тұлғалардың және заңды тұлғалардың лауазымды тұлғаларының салық заңнамасын бұзу фактілері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, хаттаманы қаулы шығару үшін басшылыққа жолдау, ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша шараларды уақытылы қолдану. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және тиісті халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану. Камералдық бақылау бойынша хабарламаны орындау (автоматты іске қосулар бойынша - КБНР мамандары бойынша, сондай-ақ жалған кәсіпорындардың, БТЖТ контрагенттері бойынша хабарламаларды бөлу). Салықтық тексеру актілерін жүргізу. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар шығару, ҚР СК 59-бабына сәйкес заңды тұлғалардың қызметін тоқтату, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығару, салықтар бойынша қосымша резервтерді анықтау. Мәмілені жарамсыз деп тану үшін, сондай-ақ БТЖТ /ТЖТ салық төлеушілерін тану бойынша талап-арыздар беру бойынша жұмыстар жүргізу. Бекітілген БКК бойынша артық төлемді пысықтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.11.2024
- Астана қаласы, Жубанов көшесі, 16
-
(7172) 57-64-64