Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік (А блогы)
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Астана қаласы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Функционалды міндеттер
Салық заңнамасының сақталуын бақылау. Салық есептілігін зерделеу және талдау негізінде салық міндеттемелерінің орындалуына камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасында көзделген мерзімдерде салық міндеттемелерін орындау бойынша салық төлеушілерге хабарламаларды тапсыру. Камералдық бақылау бойынша хабарламаны орындау (автоматты іске қосулар бойынша - КБНР мамандары бойынша, сондай-ақ жалған кәсіпорындардың, БТЖТ /ТЖТ контрагенттері бойынша хабарламаларды бөлу). Қарсы тексерулер жүргізу, акциздер бойынша тексерулер жүргізу. Шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне ҚҚС-ты қайтару, грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар бойынша төленген ҚҚС-ты қайтару. Жекелеген қызмет түрлерін пайдаланғаны үшін лицензиялық алымды төлеу бойынша салық төлеушілерді әкімшілендіру (алкоголь өнімін сақтау және көтерме/бөлшек сату бойынша). Салық төлеушілерді акциз бойынша әкімшілендіру (СЕН, 400.00, СНА). ҚҚС-қа міндетті түрде қою үшін айналымнан 30 000 АЕК асатын салық төлеушілерді пысықтау. ЭШФ блогы (Электрондық шот-фактуралар) бойынша хабарламаны, хабарламаны, сондай-ақ тәуекелді салық төлеушілерді пысықтау. Салық заңнамасының бұзылуын жою туралы сұраулар. Жаңадан тіркелген СТ бойынша салықтық тексеру актілерін жүргізу. Кіріс және шығыс хат-хабарларды уақтылы өңдеу. Бекітілген БКК бойынша артық төлемді пысықтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.11.2024
- Астана қаласы, Жубанов көшесі, 16
-
(7172) 57-64-64