Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтуге арналған демалысы кезеңіне 19.12.2025 жылға дейін, негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы), С-R-4 санаты, 1 бірлік (А блогы)
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Астана қаласы
226837
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Функционалды міндеттер
Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар бойынша салық есептілігі нысандарын қабылдау және өңдеу. Салық есептілігін ақпараттық жүйелерге жедел және сапалы енгізу. Салық төлеушілердің өтініштерін, хаттарын, сұраныстары мен өтініштерін уақытылы қарау. Мұрағат жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес салықтық қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияларды қабылдауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету. Салық есептілігі нысандарын табыс етпеген салық төлеушілерді әкімшілендіру (мәртебелерді өзектендіру, шаралар қабылдау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін келуге хабарлама жіберу). Мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілерді әкімшілендіру. Әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.11.2024
- Астана қаласы, Жубанов көшесі, 16
-
(7172) 57-64-64