ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының, . Дара кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс уақытына 22.10.2026 жылға дейін, негізгі қызметкер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы)

Мемлекеттік орган

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-R-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

C-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Функционалды міндеттер

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды және олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдардың және лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс істеу процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Қаржы министрлiгiнен және Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiс комитетiнен, Департамент басшылығынан, басқарма бастығынан, бөлім басшысынан қарауға түскен тапсырмалардың белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде орындалуын қамтамасыз етедi. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардан түсетін хаттарды, арыздарды және шағымдарды қарайды. Өз құзыретi шегiнде салық мiндеттемелерiнiң туындауы, орындалуы және тоқтатылуы туралы түсiндiру және түсiнiктемелер береді. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын бақылайды. Жоғары тұрған салық органдарынан тапсырмалар бойынша есептер мен ақпаратты уақтылы тапсырады. «Бірыңғай деректер қоймасында» (БҚҚ) АЖ-де камералдық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды өткізу Тәртібін сақтайды. Салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету әдістерін қолданады, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарады, сондай-ақ азайтуды болдырмау мақсатында орындалған хабарламаларды бақылауды уақтылы жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды.Әкімшілік іс жүргізу туралы ақпаратты жедел түрде Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміне енгізуге міндетті. Салық заңнамасын әкімшілендіруді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, бұқаралық ақпарат құралдарында салық заңнамасын насихаттайды, семинарларға қатысады, жетекшілік ететін мәселелер бойынша салық төлеушілерді қабылдайды. Салық заңдары мен ережелері бойынша техникалық оқытуды жүргізеді, салықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, бөлім мамандарына практикалық көмек көрсетеді. Салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында салықтық тексерулер жүргізеді. Бөлімге жүктелген нәтижелік критерийлердің теріс көрсеткіштерінің алдын алу бойынша мониторинг жүргізеді және жұмыс жасайды. (Хабарламаларды беру режимі) «Бірыңғай деректер қоймасы» АЖ-де камералдық бақылау хабарламалары бойынша шаралардың уақтылы қабылдануын, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының Салық кодексiнің 118 бабына сәйкес  уақтылы тоқтата тұруды бақылайды, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 96 бабына сәйкес уақтылы шешімдер қабылдай отырып, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 70-бабының нормаларын сақтай отырып, салықтық тексеру актілерін жүзеге асырады. Салық кодексінің 66-бабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша жеке кәсіпкерлерді таратуға бақылауды жүзеге асырады. Камералды бақылау тұрғысында жұмыс жүргізеді, салық төлеушілер тарапынан мемлекеттік сатып алу, импорт, мүліктік кірістер бойынша, қызметкерлердің нақты көрсетілуін кеміту, кірістерді кем көрсету және т.б. бұзушылықтарды анықтайды. Салық төлеушілердің шағымдары мен өтініштерін уақтылы және сапалы қарау бойынша шаралар қабылдайды, оның ішінде салықтардың артық (қате) төленген сомасын есепке жатқызу туралы өтінішті қарау; артық төленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті салықтарды 100 АЕК-тен астам соманы қайтару туралы өтініш. Өтініш берушінің (өтініштің тікелей жауапты орындаушысы ретінде) өтініштері бойынша қабылданған мәселелер мен шешімдердің мәнін дұрыс толтыруға міндетті.

Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функционалдық блогына жатады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.10.2024 – 06.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 мб

Сұхбаттасу күні

11.11.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, М.Әуезов көшесі 34

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 57-20-13