ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер және жеке тұлғалар бөлімінің бас маманы, (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 19.04.2025ж. дейін)
Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Алматы қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Құқық
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
- Мемлекеттік басқару
Функционалды міндеттер
Алматы қаласы бойынша МКД және өзге де мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну, хаттармен, салықтөлеушілердің өтініштерімен жұмыс істеу, салықтөлеушілерді, салық салынатын объектілерді және объектілерді есептеу, салық салумен байланысты, жеке тұлғалардың көлік құралына салық және жер салығына, меншігіне салықты есептеу сұрақтары бойынша салықтөлеушілерді қабылдау, салықтар бойынша жеңілдіктер ұсыну; жеке тұлғалардан (мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметке кандидаттарға) 230.00 формасы бойынша декларация қабылдау; бөлім жұмысының экономикалық бақылау жоспарын құруға қатысу және орындау; 2-Н есеп беруін құруға қатысу және бөлім бойынша мәлімет беру; аудан бойынша салық салынатын объектілерді есептеу; тіркелмеген салық алынатын объектілерді анықтау бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізу; берешекті өтеу және салық бойынша артық төленген жеке тұлғалардың меншігі өтеу; жеке тұлғалардың жер салығы бойынша және көлік құралына салынатын салық бойынша өтеу; жеке тұлғалардың ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартуға сот органдарына талап арыз ұсыну;жоғарыда көрсетілген салықтар бойынша қарызы болған жағдайда; нақты кіріс алумен байланысты, салықтөлеушінің нақты крісі мен шығысын белгілеу мақсатында хронометражды тексеріс жүргізу; және де нарықтағы нақты сатушының мөлшерін анықтау мақсатында; (тұрғын жайдан бөлек) салықтөлеушілердің мүлкін түгендеуді жүргізу, орналасқан жеріне қарамастан, салық салынатын және салық салуға жататын, кіріс алуға қолданылатын объектілерді тексеру жүргізу; салықтөлеушінің нақты мекен жайында болмаған жағдайда тексеру актісін жүргізеді; салықтөлеушілерге салық қарызы туралы хабарламалар таратады; жергілікті мемлекеттік органдармен және өзге де салық басқармасының бөлімдерімен салық заңнамасының орындалуына бақылау жасайды және өзара қатынаста болады; сұрақтар болған жағдайда салықтөлеушілермен түсініктемелік жұмыстар жүргізеді; салық төлеушілерге салық міндеттемелерінің пайда болуы, орындалуы және тоқтатылуы мәселелерін түсіндіру бойынша жұмысты жүзеге асырады; ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сатып алынған салық төлеушілердің өтініштеріне өз құзыреті шегінде салық төлеушілерге салық заңнамасын түсіндіреді (ауызша және/немесе жазбаша), "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі" нормаларының сақталуын мүлтіксіз сақтайды және бақылау жүргізеді, сондай-ақ еңбек және атқарушылық тәртібтерің орындайды; өз құзыреті шегінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі", ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы тәртіптерін орындайды, мемлекеттік қызметтік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша жұмыс жүргізеді, құжаттарды және мемлекеттік мүлікті сақталуына жауапты болады..Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына жатады (4грейд)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zha.akhmetova@kgd.gov.kz
- город Алматы, микрорайон Шугыла, 347/2
-
8(727)338-41-25