ҚР ҚМ МКК Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, 1 бірлік (индекс № ЖСӘБ -1)

Мемлекеттік орган

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

С-О-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Өзінің құзыреті шегінде басқарманың жалпы жұмысын ұйымдастырады, ҚР заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді. ҚР ҚМ МКК, Департамент басшыларына  белгіленген тәртіпте және мерзімінде қарауға берілген тапсырмалардың (атқарылған жұмыстардың есептерін ақпараттарын) орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің уақтылы және сапалы көрсетілуін бақылайды. Жанама салықтардың мемлекеттік бюджетке толығымен түсіуін қамтамасыз етеді және шара қолданады, сонымен қатар қосымша резервтерді  іздестіру мақсатында жанама салықтар бойынша салық әкімшілігінің (салықтық бақылау және салық әкімшілігін жүргізудің өзге де нысандары) жүргізілуін қадағалайды және қамтамасыз етеді.  Басқарма құзіретіне кіретін бюджеттік классификацияның бекітілген кодтары бойынша артық төлемдердің (берешектердің) өсу немесе азаю себептерін талдауды ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ ҚҚС  (105101, 105104) бойынша артық төлемдері бар төлеушілер санының негізсіз өсуіне, сомасының негізсіз асып кетуіне  байланысты  алдын алу  шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді. Заңға сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптар негізінде тақырыптық тексерулер жүргізуді ұйымдастырады және ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы қосылған құн салығының  асып кеткен сомасының қайтарылуына бақылауды күшейту жұмыстарын ұйымдастырады. Қарсы тексерулер жүргізу мерзімі мен тәртібіне, ҚҚС растау жөніндегі бұзушылықты жою сауалдарының орындалуына бақылау жасайды. Үшінші елдердің  импорты кезінде  тауарларды экспорттау және импорттау, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету кезіндегі  әкімшілендіру сұрақтары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бақылау жүргізеді. ЭШФ тіркелуіне, дұрыстығына, уақтылы берілуіне бақылау жүргізеді.   Акцизделетін тауарлардың өндірісінің және айналымының көлемін декларациялаудың уақтылы және дұрыстығын, сондай-ақ алкоголь өнімдеріне / мұнай өнімдеріне арналған ілеспе шот-фактураларда көрсетілген деректермен акцизделетін өнімдерге акциздік деректер бойынша өндіріс көлемін салыстырылып тексерілуін  және сатылуын бақылауды, сонымен қатар ілеспе шот-фактуралар мен ілеспе жүкқұжаттарының (ақпараттық жүйеде мұнай өнімдерін тіркеуді бұза отырып растауды, күшін жоюды) уақтылы өңделуін бақылауды жүзеге асырады. КО шеңберіндегі мемлекеттерден импорттайтын кәсіпорындардағы акциздік бекеттерді бақылауды және олардың сапалы қызмет етуін қадағалауды іске асырады. Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және оның жолын кесу бойынша шаралар өткізеді. Салық зандылығының нормаларына сәйкес жоспардан тыс тексерулерге (акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналысымен айналысатын кәсіпорындарға тақырыптық салықтық тексерулер) және хронометраждық зерттеп-тексеру жұмыстарына бақылау жасайды. Регламентке сәйкес камералдық бақылау нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер (автожіберілім) бойынша жұмыстардың  толық, сапалы, уақтылы орындалуына  бақылау жасайды. Мемлекеттік шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімнің өткізілуіне бақылау жасау. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан еңгізілген тауарларға бақылау жүргізу, салықтық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету. Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО)   тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету  Импорт/экспорты кезінде ЕАЭО халықаралық келісім-шарт базасы  сәйкес бюджетке ҚҚС толық түсуін қамтамасыз ету.  Импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алу және талдау, Резервті түсімдерді  анықтау  мен  бюджетке төленетін салық және түсімдерді арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.  Өз құзыреті шегінде кеден заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру. "А" функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.07.2024 – 02.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгүров көшесі 113

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7282) 24-12-17