ҚР ҚМ МКК Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, 1 бірлік (индекс № ЖСӘБ 2-1)
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Жетісу облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Өзінің құзыреті шегінде бөлімнің жалпы жұмысын басқаруды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде ҚР заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді. Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және оның жолын кесу бойынша шаралар өткізеді. Алкоголь өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды сақтауға арналған лицензиялардың берілуіне (бас тартуына) бақылау жасайды.Салық есептілігінде көрсетілген мәліметтермен, алкоголь өнімдері мен мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларациялар, сондай-ақ алкоголь өнімдеріне / мұнай өнімдеріне арналған ілеспе шот-фактураларда көрсетілген деректермен акцизделетін өнімдерге акциздік деректер бойынша өндіріс көлемін салыстырып тексеру және сатуды бақылауды жүзеге асырады. Алкоголь өнімдеріне арналған ілеспе шот-фактураларды және мұнай өнімдеріне арналған ілеспе жүкқұжаттарын (ақпараттық жүйеде мұнай өнімдерін тіркеуді бұза отырып растауды, күшін жоюды) уақтылы өңдеуді бақылауды жүзеге асырады. «ЕБМ» ақпараттық жүйе арқылы жүргізілуін, тіркеу және бақылау белгілері бойынша штрих-кодтардың басылуын қамтамасыз етеді.Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін өндіретін және сырттан әкелетін кәсіпорындарға есеп-бақылау және акциздік таңбаларын дер кезінде беру, оларды сақтау, әрі есеп жүргізу тәртібін сақтайды. Салық кодексіне енгізілген өзгертулер және нормативті заң актілерін талқылау және үйрену бойынша басқармада техникалық сабақтар өткізеді. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттайды."А" функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жетісу облысы Талдықорған қаласы Жансүгүров көшесі 113
-
8 (7282) 24-12-17