Түсіндіру жұмысы басқармасы бас маманы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" (УРР-4-3, С-О-5 санаты, 1 бірлік. А-Блогы
Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Ұлытау облысы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Салық салу және кеден заңнамасы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Облыстың аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының назарына жеткізу және дайындау, салық заңнамасын түсіндіру бойынша шолу және консультациялық хаттар. Бұқаралық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелеріне талдау жүргізу; салық салу мәселелері бойынша облыстың салық басқармалары өткізетін дәрістер мен семинарларға қатысу. Облыс бойынша БАҚ-пен жұмыс нәтижелерін жинақтау, салық салу мәселелері бойынша теле - және радиохабарлар өткізу және баспасөзге арналған жарияланымды дайындауға қатысу; облыс МКД сайтында орналастырылған ақпараттың өзектілігі бойынша жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау бойынша, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету. Баспасөз конференцияларын, брифингтер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен заңнаманы насихаттау бойынша жұмыс жүргізу; сценарийлер дайындау, салық және кеден заңнамасы мәселелері бойынша теле және радиохабарлар өткізу жұмыстарын ұйымдастыру; имидждік сипаттағы мақалалар дайындау; "Мемлекеттік кірістер жаршысы"журналында материалдарды жариялау бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз ету. (А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жезқазған қ., Бейбітшілік даңғылы, 26 үй
-
87074864991