«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 866 бұйрығына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 866 бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 12-13/5383 тапсырмасын және трансферттік баға белгілеу шараларын күшейту мақсатында халықаралық іскерлік операциялар бойынша мәмілелер мониторингіне жататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін кеңейту бөлігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының 2023 жылғы 21 қарашадағы № 10-10-1468 сұрау салуына сәйкес әзірленді.
Бұйрықтың мақсаты трансферттік баға белгілеу кезінде мәмілелерді әкімшілендіруді бақылауды және олардың ашықтығын жақсарту мақсатында «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін кеңейту болып табылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 желтоқсанда № 35524 болып мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.