«Қосылған құн салығы салығы балансын автоматты түрде есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына Баспасөз хабарламасы

«Қосылған құн салығы салығы балансын автоматты түрде есептеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының  Қаржы министрі бұйрығының жобасына  Баспасөз хабарламасы

Нормативтік-құқықтық актінің жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын
 (бұдан әрі – ҚҚС)  әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында әзірленді.

Қағидалар «e-Тамға» арнайы ақпараттық сервисін пайдалана отырып, ҚҚС автоматты түрде есептеу және ҚҚС-тың баланстық сомасын есепке алу бойынша пилоттық жобаны (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) жүргізу тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасы салық төлеушіні салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша болжамды салық міндеттемелері туралы алдын ала хабардар ету мақсатында әзірленді. Бұл ретте ҚҚС бойынша салық міндеттемелерінің болжамды есебі ҚҚС бойынша салық міндеттемелерінің іс жүзіндегі есебін алмастырмайды және тек ақпараттық сипатта болады.

Бұйрық жобасы іске асыруда республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Бұйрық жобасын қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15353901) 2024 жылғы
17 желтоқсанда орналастырылған.

Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін.