«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 4 желтоқсандағы № 798 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын  салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 4 желтоқсандағы № 798 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

 

«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 798 бұйрығы (әрі қарай – Бұйрық) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілді.

Аталған Бұйрықты қабылдаудың мақсаты «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1290  бұйрығы (әрі қарай – Бұйрық) бұйрығының қолданылу мерзімінің 2025 жылғы 1 қантардан бастап өтуіне байланысты 2025-2026 жылдары ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту болып табылады.

Осы Бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 203713 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2024 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған.