«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығын күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1290 бұйрығының 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты «Ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21995 болып тіркелген) жоюға қою болып табылады.
Бұйрық жобасы іске асыруда республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Бұйрық жобасын қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15346240) 2024 жылғы 12 желтоқсанда орналастырылған.
Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2024 жылғы 27 желтоқсанға дейін.