Трансферттік баға белгілеу жөніндегі жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 633 бұйрығына баспасөз хабарламасы»

Трансферттік баға белгілеу жөніндегі жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 633 бұйрығына баспасөз хабарламасы»

Бюрократиялық кедергілерді болдырмау, процестерді оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру мақсатында «Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі - Бұйрық) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 633 бұйрығымен, сондай-ақ «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңның 7-1 және 7-2-баптарының талаптарына сәйкес Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілік нысанын толтыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 қыркүйекте № 35117 болып тіркелді.

Көрсетілген өзгерістерге сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті есептілікті (бұдан әрі — Есептілік) ұсынудың жаңа тәртібі белгіленді. Осы тәртіпке сәйкес мәмілеге қатысушы Есептілікті бірінші кезекте мамандандырылған жүйе арқылы тапсыруға міндетті. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда – азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы (eotinish) арқылы немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электронды түрде. Есептілікті электронды түрде тапсыру мүмкін болмаған жағдайда ғана мәмілеге қатысушы осы мән-жайды растайтын құжаттарды ұсына отырып, есептілікті қағаз жеткізгіште беруге құқылы, бұл ретте электронды жеткізгіштегі көшірмесін қоса беру қажет.

Сонымен қатар, жоғарыда көзделген бұйрықпен жергілікті есептілікті ұсынатын қатысушыға және негізгі есептілікті ұсыну мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді.

Осылайша, есептілікті қағаз түрінде жеткілікті растайтын құжаттарсыз ұсынған жағдайда есептілікті қабылдаудан бас тартылатынын еске саламыз.