««Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік туристерді тарта отырып, келу туризмін дамыту және кәсіпкерлік субъектілерінің айналымын арттыру мақсатында, туристерге (шет мемлекеттердің азаматтарына) тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кемінде 20 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ҚҚС сомасын өтеуді көздейтін 2019 жылдың 15 тамызы мен 2024 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Tax Free пилоттық жобасы жүзеге асырылуда (««Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы
27 маусымдағы № 710 бұйрығы. Бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32935 болып тіркелді).

Бұйрық жобасында пилоттық жобаны іске асыру мерзімін 2025 жылғы
31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.

Пилоттық жобаны іске асыру мерзімін ұзарту келу туризмін дамытуды толық тестілеумен және шетелдік туристерді тарту арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің айналымын арттырумен байланысты, сондай-ақ Пилоттық жобаны іске асыру мерзімін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2024 жылғы 29 қазандағы
№ 15-04-17/1980-I хатына сәйкес.

Жобаны қабылдау жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

   Жоба 2024 жылғы 03 желтоқсанында мемлекеттік органдардың
интернет-ресурсының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15323728) орналастырылған.

   Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2024 жылғы
18 желтоқсанға дейін.