«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновтің төрағалығымен өткен 2024 жылғы 4 мамырдағы Қаржы министрлігінің Ақпараттық жүйелерді таныстыру хаттамасының 2-тармағының 6) тармақшасын орындау үшін әзірленді.
Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін «Нұр Жолы» халықаралық автомобиль өткізу пунктінің аумағына бөлінбей жақын орналасқан халықаралық көлік-логистикалық орталықты стратегиялық объектілерге жатқызу болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Жоба нормативтік құқықтық акт болып табылмайды, осыған байланысты оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру (http://legalacts.egov.kz) қажет емес.